Зооноздар – этиологиясы бойынша: бактериялды, вирусты, прионды болып бөлінеді.
Бактериялды : бруцеллѐз, оба,туляремия, кампилобактериоз , лептоспироз, сальмонеллѐз, сібір түйнемесі , риккетсиоздар, хламидиоздар,боррелиоздар.
Вирусты :геморрагиялық қызбалар, құтыру.
Сібір жарасы (түйнеме) – зооноз тобындағы жедел жұқпалы ауру. Ол дене қызуының көтерілуімен, лимфа жүйесінің зақымдалуымен және ағзаның ауыр түрде улануымен сипатталады. Сібір жарасы терілік, өте сирек ішектік, өкпелік және сепсистік формада өтуі мүмкін.
Сібір жарасын адамға жұқтырушы көз – үй жануарлары (ірі қара мал, қой, ешкі, түйе, шошқа) болып табылады. Адамға аурудың жұғу жолы көбінесі жанасу арқылы (малды сою кезінде терісін түсіруде немесе мал терісін өңдеуде) және бактерияның спораларымен ластанған тағамдар мен ауыз суын ішп-жеуде және ластанған топырақты егістікте қолдануда жұғуы мүмкін. Ал ауру адамнан адамға жұқпайды.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, ортаазиялық геморрагиялық қызбасы) - адамның вирустық табиғи-ошақты ауруы, оның қоздырғышы кене болып табылады. Ол күрт басталуымен, дене температурасының екі толқындық көтерілуімен, жалпы интоксикациямен және геморрагиялық синдромммен (қан ағу жоғарылайды) сипатталады.
Талас ауданында 2022 жылдың 8 айы бойынша:
Сібір жарасы -7 жағдай,
Құтыру бойынша жағдай тіркелген жоқ,
Сарып ауруы - 8 жағдай,
Туляремиядан жағдай тіркелмеді,
КҚГҚ бойынша жағдай тұрақты,
Эхинококкоз - 4 жағдай ,
Бруцеллез -9 жағдай тіркелді


