Талас аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасы аясында ауыл-аймақты аралап, дәрігерлік кеңестерін беруді жалғастыруда.
Ауыл тұрғындары денсаулық жағдайын тексертуге қалаға, аудан орталығына сабылмай тұрғылықты жерінде қаралуға мүмкіндік алды.
Кардиолог, балалар невропатологы, хирург-ортопед, стоматолог сынды мамандармен жасақталған құрам Талас ауданына қарасты Қасқабұлақ ФАП - та болып, 100- ден аса тұрғынның хал-жағдайын тексеріп, консультациялық көмек көрсеткен. Бұндай шара алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
ҚАСҚАБҰЛАҚ ФАП- та барлық адам саны - 880, Жүкті әйел - 5, бір жасқа толмағандар 14, жаасөспірімдер -14. Бұл ФАП БЕКЖАН МЫРЗАГУЛОВ жетекшілік ететін ЕСЕЙХАН ДА қарайды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Талас ауданында 1 орталық аудандық аурухана, 9 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік акушерлік және 13 медициналық пункт қызмет атқаруда.


