Елімізде қатерлі ісікке шалдыққан науқастар көбейіп отыр. Мамандардың есебі бойынша, жыл сайын осындай диагноз 30 мың адамда анықталады.
Осы себепті еліміздің онколог-дәрігерлері онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша онкүндік өткізуде. Шараны 1 ақпаннан 10 ақпанға дейінгі аралықта ұйымдастыру жоспарланған. Бұл ретте медициналық тексеруден өту – тегін.
Жатыр мойны обыры әйел адамдарда кездесетін онкологиялық аурулардың үштігіне кіреді.
ТАЛАС АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ОНКОЛОГ ДӘРІГЕРІ ИНДИРА ГАЛИДИН
С. Сейфуллин атындағы орта мектеп, "Рай- Рус" балабақшасы мен аудандық білім бөлімінің қызметкерлерімен ЖАТЫР МОЙНЫ ОБЫРЫ және СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ жайлы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіп, алдын алу бойынша нұсқаулықпен таныстырды.


