Талас аудандық ауруханасының программист мамандары Ербол Қартабаев пен Надежда Сиротина дәрігерлер арасында «Damumed» медициналық ақпараттық жүйесімен жұмыс
істеу барысында «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының
нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а.
30.10.2020ж. №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген медициналық есепке
алу құжаттамасының нысандарына (әсіресе №№ 038, 069, 073, 075 және Еңбекке
уақытша жарамсыздық парағы нысандары) дәрігердің электрондық цифрлық
қолтанбасы (заңды тұлғаларға арналған, ұйымның қызметкері ретінде)
міндетті түрде қол қойылу қажеттігі жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


